Мектеп директорлығына үміткерлер келісімнен өтуде

Түркістан облысының білім басқармасы жанынан құрылған «Мемлекеттік орта білім беру мекемелеріне директорлыққа үміткерлердің құжаттарын қарау және Басқармаға қарасты білім ұйымдары басшылары мен мемлекеттік кәсіпорын орынбасарларын тағайындау туралы» комиссиясының құрамына басқарма басшысының бұйрығымен білім саласына еңбегі сіңген «Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары С.Әуесханов мүшелікке енгізілген.

2019 жылы 1 наурыз күні Түркістан қаласында аталған комиссияның отырысы өтті. Мектеп директорлығына үміткерлер жоғарыдағы комиссияның келісімін алу үшін кезекті сынақтан өтті.

Комиссияға Қазығұрт, Бәйдібек, Сайрам, Жетісай, Мақтарал аудандарынан және Кентау қаласынан жалпы 17 мектеп директорлығына үміткерлер қатысты.