Жастар жылында жас аналар да құрметке ие болды

Кәсіподақтар орталығы бекіткен жоспарға сәйкес Түркістан облысының Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен білім саласындағы аяулы аналарды құрметтеуге арналған меркелік іс-шара өткізілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының мәніне бағалап, биылғы 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауына сәйкес, жастар жылын өткізуге арналған іс-шаралар жоспары барысындағы білім саласындағы жұмыс істейтін көп балалы аналарды «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен» құттықтады.

Іс-шарада Төлеби ауданындағы жалпы орта білім беретін мекемелердегі 20 мұғалім, оның ішінде 10 мұғалім 35 жасқа дейінгі көп балалы аналар және 10 мұғалім аудан көлемінде білім саласына еңбегі сіңген, облыстық және республикалық деңгейде білімді шәкірттер тәрбиелеп жүлделі орындар иеленіп жүргендер.

Іс-шарада аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Раджу Сайлауұлы және аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Тұрғанова Ақмарал сөз сөйлеп, көктемнің алғашқы мерекесі – әйелдер күні мерекесімен құттықтап, алғыс хаттарымен, құрмет грамоталарымен марапаттап, арнайы сыйлықтар тапсырды.

Іс-шара мерекелік концертке ұласып, қатысушы аналар өз алғыстары мен ризашылықтарын білдірді.