Отбасы берекесі – Әйелдер

Кәсіподақтар орталығы бекіткен жоспарға сәйкес Түркістан облысының Мақтарал аудандық кәсіподақ комитеті мен аудандық білім бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен С.Рахимов атындағы №4 жалпы орта мектепте «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай «Отбасы берекесі – Әйелдер» тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырылып өткізілді.

Мерекелік шарада Мақтарал ауданының әкімі Б.Асанов құттықтау сөз сөйлеп, барша аналар мен қыз-келіншектерді мерекелерімен құттықтап, аудан әкімінің және аудандық маслихатының алғыс хаттарымен ұстаздарды марапаттады.

Сонымен қатар аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы М.Бабашев пен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов мерекелік шараға келген ұлағатты ұстаз мен ардагер ұстаз аналарды мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттары мен сый-сияпаттарын табыстады.

Мерекелік шара арнайы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.