Кәсіподақ жұмысын өзектендіру мәселелері талқыланды

13 наурызда «Ауылшаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық  бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ІІ-ші есеп беру – сайлау  Конференциясы өтті.
 Жоғарғы деңгейде өткен конференцияға ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары,  «Ауылшаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық  бірлестігінің төрағасы Егор Яковлевич Каппель, Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Төлепберген, және филиалдың облыстағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының делегаттары қатысты.
Конференцияның күн тәртібіндегі негізгі мәселе облыстық филиалдың 2015-2018 жылдар аралығында атқарған жұмысы туралы есеп беру, сондай-ақ филиалдың төрағасын, атқару комитетін және ревизиялық комиссиясын сайлау болды. Конферецияда ашық дауысқа салынған сайлаудың қортындысында филиалдың жаңа төрағасы болып Нұржан Шәріпханұлы Маликов сайланды.
Өз кезегінде, «Ауылшаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Е. Я. Каппель ауыл шаруашылығы салалық кәсіподақ ұйымының жұмыс ерекшеліктеріне тоқталып, негізгі бағыттарын айқындады. Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М.Төлепберген Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясының алға қойған мақсаттары, жаңашылдық бастамалары мен кадрлық саясатты нығайту бағытындағы жоспарларымен таныстырды.

Конференция қатысушылары кәсіподақ ұйымы филиалының алға қойған мақсаттары мен қабылданған шешмідердің маңыздылығына және филиалдың жаңадан сайланған төрағасына сенімді қолдау көрсетті.