Астана қалалық АКБ төрағасы Қазақстандық кәсіпкерлер Ассоцияциясы төрағасымен кездесті

11 наурыз күні “Атамекен” кәсіпкерлер ұлттық палатасында Қазақстандық кәсіпкерлер Ассоцияциясы төрағасы Талғат Доскенов Астана қаласы кәсіподақтар орталығының төрағасы Тастанбек Есентаевпен кездесу өткізді.

Бұл отырыста екі жақ өкілдері жұмыскерлердің еңбегін қорғау, денсаулықтарын сақтау, жарақаттарын азайту мәселелері талқыланды. Оған қоса, “Қазақстандық спорттық-сауықтыру кәсіподақтар қоғамымен” бірлесе отырып, жақын арада министрлік өкілдері және еліміздің ғылымдарының қатысуымен қоғамдық тындауларды өткізуге келісті.