Дені сау адам – мемлекеттің байлығы

8 наурыз күні Қарағанды қаласында Облыстық кәсіподақтар үйінде осы аймақтың кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Болат Жұмабаевтың ұйымдастыруымен Астана қаласы кәсіподақтар орталығының төрағасы Тастанбек Есентаевпен кездесу өтті. Бұл жиында жиналған азаматтар өздерінің тәжірибесімен бөлісе отыра, алда қойған мақсаттарымен де сырласты. “Шахтер” дене шықтыру-спорттық қоғамының директоры Юрий Чеснов осы күнге дейін облыстың 15 шахтысында спорттық инструкторлар еңбек етіп келе жатқаның алға тартты. Бұл Кеңес Одағынан келе жатқан керекті үлгі. Жұмыс орнында еңбек гимнастика, дене шынықтыру, спортпен айналысуға, жарыс ұйымдастыруға, жұмыскерлердің денсаулығын сақтау ретінде осы мамандар зор ықпалың тигізетіні сөзсіз. Осындай бастамалар басқа да кәсіподақ ұжымдарында болуы тиіс екені ескертілді. Оған қоса, осы жиналыста КарМУ-нің профессоры, медицина ғылымының кандидаты Тоқтар Кыспанов жұмысшылардың еңбек орындарында спортқа ерекше маныз беру керектігін ғылыми түрде дәлелдеп берді. Қорытындыла келе, отырыста Қарағанды облысы Қазақстандық спорттық-сауықтыру кәсіподақтар қоғамының филиалын құру мәселесі де талқыланды.