2019 жылғы 16 наурыз күні «Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің және Түркістан облыстық теннис және спорттық ойын түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебімен бірлесе ұйымдастыруымен кәсіподақтар ғимаратында орналасқан спорт залында «Жастар жылы» аясында балалар және жасөспірімдер арасында үстел теннисінен ашық біріншілік өткізді.
Аталған іс-шараның салтанатты ашылуына «Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бекжанов Берік Айдарбекұлы қатысып, іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, жасөспірімдердің спорттық жарыстарына сәттілік тіледі.
Үстел теннисі жарысына Шымкент, Түркістан, Кентау қалаларынан және Сайрам, Келес, Қазығұрт, Жетісай, Сарыағаш аудандарынан жалпы 100- ге тарта балалар қатысты.
Үстел теннисінен өткен ашық біріншіліктің қорытындысы бойынша жүлделі орын алған жеңімпаздарға марапаттар мен сыйлықтар тапсырылып, балалар зор қуанышпен тарқасты.