ӨНДІРІСТЕГІ КӘСІПТІК АУРУЛАР МӘСЕЛЕЛЕРІ

«Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен, кәсіптік аурулар және өндірістік жарақаттану аймағындағы орынды мәселелерді объективті қарастыру мақсатында Мұхтар Тінікеев – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Төрағасының орынбасары, Сапарбек Дюсенов – «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Асылбек Нұралин – «ҚАЗАҚКӘСІПМЕТАЛЛ» тау-кен металлургия салалық кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Болат Жұмабеков – «Қарағанды облысының Кәсіподақ Орталығы» Аумақтық кәсіподақ бірлестігінің төрағасы, Ноян Бидайбаев – «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының төрағасы «Қарағанды медициналық университеті» Коммерциялық емес Акционерлік қоғамының Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіптік денсаулық институтында пациенттермен кездесті.
Раушан Досмағамбетова — м.ғ.д, профессор, «Қарағанды медициналық университеті» КЕАҚ ректоры, Мұрат Телеуов – Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіптік денсаулық институтының директоры пациенттерді емдеу процессі бойынша қабылданған іс-шаралар туралы айтты.
Кәсіподақ өкілдері клиника пациенттерімен медициналық көмектің қолжетімділігі және кәсіпорындардағы жұмыскерлерге медико-профилактикалық қызмет көрсету сапасы туралы талқылады, олардың ұсыныстары мен тілектерін тыңдады.
Сол күні «Қарағанды медициналық университеті» КЕАҚ аумағында облыстың кәсіподақ ұйымдарының, кәсіпорындарының, мемлекеттік мекемелерінің басшылары мен өкілдерінің қатысуымен «Кәсіптік аурулар және өндірістік жарақаттанудың өзекті мәселелері» дөңгелек үстелі өтті.