Еңбек ұжымымен кездесу өткізілді

Бүгін Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Садық Әбдіқадыров Дарынды балаларға арналған үш тілді оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейінің еңбек ұжымымен кездесті.
Онда қоғамдық бірлестіктің басшысы Садық Нұрсапаұлы биылғы жыл ұстаздар үшін жағымды жаңалықтар көп болғанын, жаңа оқу жылында алғаш рет мұғалімдер медициналық тексеруден өткенін жеткізді. «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы әзірленіп, қаралымғаұсынылғаны және кәсіподақ тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын айтып өтті.
Сонымен қатар, қоғамдық бірлестіктің басшысы Садық Нұрсапаұлы өткен оқу жылының қорытындысы бойынша республика көлемінде жақсы нәтиже көрсеткен Дарынды балаларға арналған үш тілді оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейінің директоры Галиева Мария Бейсетбайқызына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасын табыс етті.