Кәсіподақтар тазалық акциясын өткізді

2019 жылғы 11-16 наурыз аралығында «Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен Наурыз мерекесі қарсаңындағы тазалық акциясын өткізді.

Аталған акцияға Түркістан облысы мен Шымкент қаласы көлеміндегі 1590 бастауыш кәсіподақ ұйымынан 106840 адам қатысып: 5854 көшет отырғызу, 18469 ағаш түптерін қопсыту және әктеу, аулалар мен көшелер арнайы бөліктерінің жерін аудару және тазалау жұмыстарын атқарды.

Осы жұмыстарды атқаруға мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және ақпарат, ауылшаруашылығы, құрылыс кешені, кәсіпкерлік, коммуналдық шаруашылық, энергетика, көлік салалары бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелері белсенді қатысты.

Салалық кәсіподақтар сенбілікте ереше белсенділік танытқан бастауыш кәсіподақ ұйымдарына арнайы сыйлықтар тапсырып, сенбіліктен кейін ұжым мүшелеріне арналған Наурыз мерекесінің мерекелік дастарханы жазылды.