Сайрам ауданында азаматтардың жеке қабылдауын өткізді

2019 жылғы 19 наурыз күні Түркістан облысының Сайрам ауданы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі, «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Серік Елемесұлы Әуесханов азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.
Жеке қабылдауда Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Асем Тавбаеваға бөлім қызметкерлеріне жыл сайынғы төленетін еңбек демалысын рәсімдеу кезінде Қазақстан Республикасының ұлттық және мерекелік күндеріне түскен күндері еңбек демалысына қосу немесе қоспай есептеу керектігі туралы, Сайрам аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Ахун Аликуловқа кәсіподақ атынан санаторий-курорттар мен шипажайларға жеңілдікпен берілетін жолдама бойынша, №93 жалпы орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлсім Бегалиеваның 25 жыл жұмыс жасаған мұғалімдерді зейнеткерлікке шығаруды «Педагогтардың мәртебесі туралы» заң жобасына енгізу, №83 жалпы орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Шыңғыс Абилгазиевтің мұғалімдерге еңбек демалысына шыққан кезде екі айлық емдеу-сауықтыру төлемақысын беруді «Педагогтардың мәртебесі туралы» заң жобасына енгізу, Сайрам аудандық мәдениет үйінің кадр маманы Шолпан Абдуназарованың еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау мәселесі оқыту-семинарын өткізу туралы сұрақтарына заң аясында жауаптар беріліп, түсіндірілді.
Жалпы жеке қабылдауда 5 адам болды.