Ұлттық және зияттық ойындар түрлерінен сайыс ұйымдастырылды

19 наурыз күні Батыс Қазақстан облысының кәсіподақ ұйымдары және Батыс Қазақстан Кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» жастар ісі бойынша кеңесінің ұйымдастыруымен кәсіподақ жастары арасында ұлттық және зияттық ойындар түрлерінен сайыс өтті. Сайыс асық ату, дартс, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ сияқты ойын түрлерінен Орал қаласының Мектептен тыс жұмыс орталығы базасында өткізілді.

Наурыз мерекесіне арналған шараға әлеуметтік әріптестер, кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, белсенділері, БАҚ өкілдері, облыстық салалық, жергілікті, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жастарынан құралған командалар қатысты.

Сайыстың өткізілу мақсаты – Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін дәріптеу, Жастар жылы аясында Кәсіподақ жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, кәсіподақ жастарының арасында жолдастық қарым-қатынасты орнату және дамыту.

Сайысқа қатысқан әрбір команда жеке, командалық, жалпы командалық есептегі жүлделі орындармен, сонымен қатар әрбір ойын түрінен «Үздік ойыншы» жүлделерімен, бағалы сыйлықтармен, медаль және кубоктармен марапатталды.

Ұлтымыздың ұлттық мерекесі, жаңару мен жаңғырудың бастауы, алыс-жақын ағайынның бір-бірімен көрісіп, қауышып мәз-мейрам болатын жаңа күннің бастамасы Наурыз мейрамы қарсаңындағы сайысқа қатысқан кәсіподақ жастары ұлттық және зияттық ойындардан өзара күш сынасып, ойындарды дәстүрлі деңгейде өткізу туралы ой ұсынып, ойын алаңында бәсеке емес достық, жолдастық әркез биік тұратынын алға қойып, бір-бірін жетістіктерімен құттықтап, тарасты.

БҚО Кәсіподақтар орталығы мен «Келешек» жастар кеңесі облыстық барлық кәсіподақ ұйымдарына, Мектептен тыс жұмыс орталығына ұйымдастыру және өткізу барысындағы қолдаулары мен көмегі үшін және және кәсіподақ жастарына белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреді. Біргеміз берік іргеміз!

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай Батыс Қазақстан облысының кәсіподақ ұйымдары және Батыс Қазақстан Кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» жастар ісі бойынша кеңесінің кәсіподақ жастары арасында ұлттық және зияттық ойындар түрлерінен ұйымдастырылған сайыстың нәтижелері төмендегідей:

«Асық ату» ойыны бойынша ерлер арасында:

І-орын – Р.Куспанов, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы»;

ІІ-орын – М.Бустеков, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» БҚО филиалы;

ІІІ-орын – М.Каменов, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы».

«Асық ату» ойыны бойынша әйелдер арасында:

І-орын – А.Мырзагереева, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» ҚБ филиалы;

ІІ-орын – А.Елеугалиева, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» БҚО филиалы;

ІІІ-орын – Н.Мамышева, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы».

«Дартс» ойыны бойынша ерлер арасында:

І-орын – Ғ.Қуанышқали, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» БҚО филиалы;

ІІ-орын – Е.Сериккалиев, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» ҚБ филиалы;

ІІІ-орын – Д.Есекенов, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» БҚО филиалы.

«Дартс» ойыны бойынша әйелдер арасында:

І-орын – Ю.Тян, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» БҚО филиалы;

ІІ-орын – А.Максутова, Жоғары аграрлық-техникалық колледж;

ІІІ-орын – Р.Кужахметова, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы».

«Дойбы» ойыны бойынша ерлер арасында:

І-орын – Ф.Сарсенгалиев, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» ҚБ филиалы;

ІІ-орын – М.Куталиев, «Батыс су арнасы» ЖШС;

ІІІ-орын – Р.Сатыбалдиев, БҚО ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті;

«Дойбы» ойыны бойынша әйелдер арасында:

І-орын – А.Джумагалиева «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» ҚБ филиалы;

ІІ-орын – А.Жумашева, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» ҚБ филиалы;

ІІІ-орын – Полищук Е., «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» ҚБ филиалы;

«Шахмат» ойыны бойынша ерлер арасында:

І-орын – Т.Жумабаев, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» ҚБ филиалы;

ІІ-орын – Т.Кулушев, «Батыс су арнасы» ЖШС;

ІІІ-орын – «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы».

«Шахмат» ойыны бойынша әйелдер арасында:

І-орын – С.Баймурзина, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» ҚБ филиалы;

ІІ-орын – Ж.Джумасултанова, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» ҚБ филиалы;

ІІІ-орын – У.Гарифуллина, «Орал Зенит зауыты» АҚ.

«Тоғызқұмалақ» ойыны бойынша ерлер арасында:

І-орын – Ж.Сағынбаев, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» БҚО филиалы;

ІІ-орын – Б.Шурин, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» БҚО филиалы;

ІІІ-орын – Т.Ниязов, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» ҚБ филиалы.

«Тоғызқұмалақ» ойыны бойынша әйелдер арасында:

І-орын – Х.Ниязбекова, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы»;

ІІ-орын – Ф.Темирбулатова, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» ҚБ филиалы.

ІІІ-орын – Ә.Садих, Жоғары аграрлық-техникалық колледж.

Жалпы командалық есепте:

І-орын – «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» ҚБ филиалы.

ІІ-орын – «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» БҚО филиалы;

ІІІ-орын – «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы»;

Әр ойын түрінен «Үздік ойыншы» жүлдесінің иегерлері:

«Асық ату» ойыны бойынша – Р.Биржанов, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы»;

«Дартс» ойыны бойынша – Г.Касимова, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» ҚБ филиалы.

«Дойбы» ойыны бойынша – Э.Ақкереева, БҚО ауыл шаруашылығы

қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының Жәңгір хан атындағы Батыс

Қазақстан аграрлық-техникалық университеті;

«Шахмат» ойыны бойынша – Г.Ғабиденова, БҚО ауыл шаруашылығы

қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының Жәңгір хан атындағы Батыс

Қазақстан аграрлық-техникалық университеті;

«Тоғызқұмалақ» ойыны бойынша – Г.Зайнуллин, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» ҚБ филиалы.