Өзекті мәселелер сөз етілді

19 наурызда Демократиялық күштердің Қызылорда облыстық коалициясының отырысы өтті. Оған Демократиялық күштердің аймақтық коалиция мүшелері, Үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, жастар ұйымдары өкілдері қатысты. Коалиция отырысында Елбасы Н.Назарбаевтың «Әлеуметтік қамқорлық» тақырыбындағы жаңа әлеуметтік шаралары туралы айтылды, «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде алға қойылған тапсырмаларды, өңірлерді кешенді дамытуға бағытталған тапсырмаларды іске асырудың негізгі бағыттары талқыланды. Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Серік Сермағамбетов халықтың аз қамтылған топтарын қолдау және табысты арттыруға еңбек қатынастары жағдайларында ықпал ету тетіктері туралы өз пікірін білдірді.