Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан!

25 наурызда Жамбыл теміржол бөлімшесінің Тараз – Локомотив депосында Қазақстан астанасының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгертуді қолдау жөнінде акция өтті.

Кәсіподақ ұйымының да қолдауымен өткен, 300-ден астам теміржолшылар мен жұмысшылар қатысқан жиында Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М.Төлепберген, Жамбыл теміржол бөлімшесі бастығының орынбасары Ү.Рысбеков, Жамбыл облыстық қан орталығының бас дәрігері, кәсіподақ белсендісі Г.Умаров, Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Б.Құлекеев және басқа да өндіріс жаңашылдары сөз сөйлеп, астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту Елбасының еңбегіне лайықты құрмет көрсету болса, екінші жағынан Елбасы саяси бағытының сабақтастығының кепілі болып табылатынын атап көрсетті.

Дәл осындай жиын “Казфосфат” ЖШС “Минералды тыңайтқыштар зауыты” ұжымында да өтті. Онда кәсіподақ белсенділері де сөз сөйлеп қолдау көрсетті. «Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан» деп білген ірі өндіріс ұжымы өздерінің бірауыздан қолдауын білдірді.