НАУРЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Наурыз – көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың Ұлы мерекесі.

Қарағанды облысының Кәсіподақ Орталығы мен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Келешек» Жастар кеңесі «Кәсіподақтар үйі» ғимаратының алдында Наурыз мейрамына орай мерекелік науқан өткізді.

Мереке күні кәсіподақ аспаздары Халықаралық еңбек ұйымының (ILO) 100 жылдығына орай 100 килограмм бауырсақ тарту етті. Қарағандылықтар және кеншілер астанасының қонақтары жылы тілектерімен бөлісті, ал көңілді әндер мерекелік көңіл-күйді нығайта түсті.