Наурыз думан – кітапханада

Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Абай атындағы орталық кітапханада 2019 жылдың 20 наурыз күні «Наурыз думан – кітапханада» атты мерекелік шара өтті.

Мерекелік думанға ақын-жазушылар, кітапхана оқырмандыры, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетов, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, кітапхана саласының ардагері Алшабаева Перизат Бекмырзақызы, қаладағы кітапхана қызметкерлері қатысты.

Ұжым мүшелері бірнеше топқа бөлініп, өзара сайыс ұйымдастырды.

1 топ – Жауқазын, 2 топ – Бәйшешек, 3 топ – Лалагүл, 4 топ – Нәурізек болып, әр топ өз өнерлерін ортаға салды.

Атап айтқанда: қазақтың салт-дәстүріне байланысты бірі «Беташар», екіншісі «Тұсаукесер», үшіншісі «Қыз ұзату», төртіншісі «Тұсаукесер».

Ақын-жазушылар жыл басы наурыз мерекесіне және кітапханашыларға арнау өлеңдерін оқыды.

Кәсіподақ мүшелері марпатталып, аяғы ән-күйге ұласты.