Көңіл айтамыз

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Б.Әбдірайым әскери қызметшілердің тікұшақ апатынан қаза болуына байланысты көңіл айтты:  

“Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тікұшағының апатынан 13 әскери қызметші қаза тапты.

Тосыннан болған орны толмас қаза барлық қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырғаны анық.

Егемен еліміздің бейбіт өмір сүруіне, ел тыныштығы үшін борышын адал атқарып, қаза болған экипаж мүшелері мен жауынгерлердің артында қалған отбасына, туған-туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.

Болаттай берік болыңыздар. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын”