Демократиялық күштердің Қызылорда облыстық коалициясының отырысы өтті

28 наурызда Демократиялық күштердің Қызылорда облыстық коалициясының Астана қаласына Елбасының есімі «Нұр-Сұлтан» атауын беруді қолдау туралы отырысы өтті.

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Серік Сермағамбетов отырыста сөз сөйлеп, аймақ кәсіподақтары атынан қолдау білдірді. Ел астанасы мен Елбасы ажырамас бір ұғым десек болады. Мемлекетіміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елорданы Ақмолаға аударып, жаңа заманауи, көрікті қаласалуында қоғамдық-саяси да мән жатты.

Кәсіподақтардың аймақтағы көшбасшысы өз сөзінде: «Қазірде 2 миллионға жуық мүшелері бар Кәсіподақтар Федерациясы астананың Нұр-Сұлтан болып өзгеруін қолдап, өз пікірлерін жан-жақтан білдіруде. Кәсіподақ мүшелері – олар әр түрлі сала қызметкерлері , қоғамның қозғаушы күші – еңбек адамдары. Біз де өз тарапымыздан, Қызылорда облысы кәсіподақтары бұл қадамға қолдау білдіреміз» деп атап өтті.