Кәсіподақтар ҚР Президентінің бастамасын қолдайды

29 наурыз 2019 жылы Ақтау қаласында Маңғыстау облыстық демократиялық күштердің “Қазақстан – 2050” жалпыұлттық коалициясының отырысы өткізіліп, Парламенттің Конституцияға өзгерістер енгізу туралы бірауыздан қабылдаған шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев Астананы Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы шешімдеріне қолдау көрсетті.Жиынға коалиция мүшелері, жетекші саяси партия филиалдарының, өңірлік кәсіпкерлер палатасының,облыстық кәсіподақтар орталығының, қоғамдық бірлестіктердің, облыстық «Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі және облыстық Халық ассамблеясының өкілдері қатысты.

Жалпыұлттық коалициясының отырысында «Маңғыстау облыстық кәсіподақтар орталығы» АКБ-нің төрағасы К.Жаулин сөз сөйлеп, облыстық кәсіподақ ұйымдарының елорданың «Нұр-Сұлтан» болып аталуын толығымен қолдайтындықтарын білдірді.