Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Ағымдағы жылдың 27 наурызы күні «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» ММ-сі 2019 жылға арналған Инспекцияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Б.Атауов, «Нұр Отан партиясы» Орал қалалық филиалының өкілі А.Нысанбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің өкілі Р.Куанышкалиев, «Шатқайыр» медиацияны дамыту қоғамдық қорының директоры А.Жаксимбетова қатысты. Дөңгелек үстелдің барысында Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Б.Атауов сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен жұмыстарды жақсарту бағытында ұсыныстар беріп, қордаланған мәселелерді шешу бағытында ұжымдық және еңбек шарттарын жасасу кезінде жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайларын жақсартуға және жалақыны көтеруге бағытталған мәселелерді қамту, еңбек адамдарын қолдау бағытында бірлескен нақты жұмыстарды іске асыру мәселелері туралы айтып өтті.