Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы мен Халықаралық театр күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Кәсіподақ орталығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының бастауыш кәсіподақ ұйымы «Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы мен Халықаралық театр күніне» арналған мерекелік іс-шараны атап өтті.

Мерекелік іс-шараға Мәдениет, спорт және ақпарат саласы қызметкерлерінің Түркістан облыстық салалық кәсіподағының төрағасы Б.Пірімбетов қатысты. Өнер – халықты эстетикалық мәдениет пен биік адамгершілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Соның ішінде, әсіресе, театрдың орны айрықша.
Бұл киелі мекен қоғамдық ой-сананың негізін құрап, әр адамға рухани байлық сыйлайды.

Тамыры 1961 жылдан бастау алған дүниежүзілік театр күнін, өлкеміздің қарашаңырағы Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында айырықша қуанышпен аталды. Айтулы мерекеде, өмірін “Ұлттың рухани негіздерінің бірі, ұлтты тәрбиелеуші – театрға арнаған артистер мен қызметкерлер марапатталды.
Ұрпақтар сабақтастығы жалғанған киелі театрдағы үлкен буын тұлғалардың атынан түрлі номинациялар мен алғыс хаттар тапсырылды.
Мереке соңы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы мен Халықаралық театр күніне арналған мерекелік дастарханман жалғасты.