Өндірістік кеңестің жұмысы талқыланды

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымы» ҚБ жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылғы 27 наурыз күні облыстық семинар өткізілді.

Семинарға қатысқандар университеттер, колледждер және облыстық кәсіподақ комитетіне тікелей қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары болды. Семинар алдында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымының жұмыстары туралы бейнефильм көрсетілді.

Семинарды облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, семинардың мақсатына тоқталды. Облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары Абуов А.Ш. Жастар жылына байланысты облыстық кәсіподақ ұйымының іс-шаралары. Бастауыш кәсіподақ ұйымдары туралы ереже жайлы, БКҰ-ның жұмысын жоспарлау туралы лекция оқыды.

Облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы Акбердиев Ғ.К. Кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қорғаудағы әлеуметтік әріптестіктің маңызы, ұжымдық шарт пен келісім шарт жасау туралы практикалық жұмыстар, жеке еңбек дауларын қарау тәртібі, келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру бойынша методикалық нұсқаулықтар туралы баяндады.

Облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Қилыбай Б. білім мекемелеріндегі өндірістік кеңестің және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың жұмысын ұйымдастыру бойынша методикалық нұсқаулық туралы айтты. Семинар соңында семинарға қатысушылар өз ойларын білдіріп, пікір алмасты.