«Youth Drama Festival – 2019» атты ағылшын тілінде жастар драма фестивалі

2019 жылдың 30 наурызында Шымкент қаласы кәсіподақтар Орталығы Аймақтық Кәсіподақтар Бірлестігі және А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық кітапханасының жанындағы Америкалық бұрышпен бірге «Youth Drama Festival – 2019» атты ағылшын тілінде жастар драма фестивалін ұйымдастырды.

Аталған іс-шараны Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығының төрағасы Бекжанов Берік Айдарбекұлы салтанатты түрде ашып, құттықтау сөзінде біздің еліміздегі Жастар жылын жариялауға байланысты осындай іс-шаралардың маңыздылығын және бұл фестиваль мемлекеттің үш тілділік саясатын дамытудың айқын үлгісі болатынын, сондай-ақ «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялануы Елбасының жаңа әлеуметтік саясатының іске асырылуының бір бөлігі деп атап өтті.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы Б.Садықов кәсіподақ жастар саясатын күшейту және жандандыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын және Кеңестің жоспарына сәйкес жастар үшін осындай пайдалы іс-шаралар жүргізу тәжірибесін жалғастыруды жоспарлап отырғандығын ерекше атап өтті.

Фестивальде жүлделі орынға ие болған жастарды мараппаттау рәсіміне кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары С.Әуесханов қатысып, жастарға тілегін білдіріп, марапаттарын тапсырды.

Сонымен бірге әділ қазылар алқасы марапаттар мен сый-сыяпаттарын тапсырды.

Жастар тарапынан ұйымдастыру алқасына өз ризашылығын білдірді.

Осы іс-шараға Шымкент қаласы және Түркістан облысынан 200-ден астам жастар, сондай-ақ республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.