Қызылордада еңбек қатынастары мәселелері көтерілді

1 сәуірде Қызылордаға жұмыс сапарымен келген ​ «Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі төрағасы Сұлтан Қалиев ​ Қызылорда аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Серік Сермағамбетовпен кездесіп, ​ аймақтағы мұнай саласы жұмыскерлерінің әлеуметтік-еңбек жағдайлары туралы әңгімелесті. Кездесу барысында С.Сермағамбетов облыс көлеміндегі салаға қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмыстары жайлы айтты, ​басқа да мұнай компанияларында жаңадан кәсіподақ ұйымдарын ​ құру мәселелері туралы ойларымен бөлісті. ​ Сонымен қатар, Сұлтан Қалиев аумақтық кәсіподақтармен біріге «Қуат Амлон Мұнай» біріккен кәсіпорынының бірқатар жұмыскерлері мен басшылық өкілдерімен кездесті және «СНПС-АйданМұнай » АҚ басшылығымен кездесіп, кәсіподақ ұйымының ​ жұмысы барыстары туралы келіссөздер жүргізді. ​

2 сәуірде кәсіподақтар тобы бірнеше мұнай компанияларының мұнай кеніші қалашықтарына барып, жұмыскерлермен кездесті. ​ «СНПС-АйДан Мұнай» АҚ мұнай компаниясының еңбек ұжымымен кездесу барысында еңбек қатынастары мәселелері көтерілді, кәсіподақтар қызметі мен әлеуметтік әріптестікті нығайту бағыттары жайлы түсіндірмелер жасалды. ​ Компанияда жаңадан құрылған кәсіподақ ұйымының жұмыс барысы туралы жұмыскерлер ойлары тыңдалып, еңбек жағдайлары мен әлеуметтік өзекті мәселелер талқыланды. Мұнай компаниясының кәсіподақ ұйымы төрағасы Алмас Нұрғалиевке ​ ​ «Кәсіподақтар: теория және практика» атты ​ Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары федерациясы бастамасымен​ жарық көрген ​ ғылыми монографиясы табысталды. Кәсіодактардың келесі кездесулері «ҚуатАмлонМұнай» БК ЖШС, «Петро Казахстан Кұмкөл Ресорсиз» АҚ ​ мұнай компанияларының ​ кеніш орындарында жалғасты.