Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселесі – басты назарда

Өткен жыл Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясымен еңбекті қорғау жылы болып белгіленіп, бұл мәселе барлық кәсіподақ ұйымдарының басты назарында болды. Жұмыскерлердің еңбек жағдайының күнделікті күн тәртібіндегі өзектілігін ескере отырып, аталған бағыттағы жұмыстар аймақтарда ағымдағы жылы да жалғасуда.

3 сәуірде Қызылорда аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде еңбек жағдайы мен еңбек қауіпсізідігі мәселелері жөнінде семинар-кеңес өтті. Семинар –кеңеске салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалына құрамындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, өндірістік кеңес мүшелері, техникалық инспекторлар қатысты.

Жиын барысында білім беру мекемелеріндегі іс-тәжірибелік жағдайлар, еңбек қауіпсіздігіне байланысты нақты мысалдар, техникалық инспекторлардың қызметі жайлары ортаға салынып, талқыланды. Аумақтық кәсіподақтармен бекітілген кестеге сәйкес еңбек қауіпсіздігі мәселесіне арналған семинар-кеңестер салалар бойынша алда жалғасын табады.

Жиындар қорытындысымен, еңбек қауіпсіздігі бойынша түйткілді мәселелер нақтыланып, тиісті ұсыныстар 28 сәуір –еңбекті қорғау күніне орай өткізілетін әлеуметтік әріптестермен біріккен жиын алаңында ұсынылады.