ATU jigit sultany – 2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында «Жастар жылына» арналған дәстүрлі «ATU jigit sultany – 2019» мегажобасы Алматы технологиялық университетінде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ бастауыш ұйымы, Алматы қаласындағы «Келешек» Жастар қанаты филиалының ұйымдастыруымен өтті.

Жобаға 100 ден аса үміткер өзінің өтінішін білдіріп, ішінен 10 үздік сұлтан іріктелініп алынды. Конкурс үш бөлімнен тұрды, бірінші бөлім өзін таныстыру, алғашқы сайыста жігіттер бейнебаян түсіріп, өзінің өмірбаянын туған жерін таныстырды. Екінші бөлім автоматты бөлшектеп жинау, сұлтандар өздерінің әскери дайындығын көрсете білді. Ал соңғы кезең өнер сайысы жігіттеріміз өздерінің бар өнерлерін ақындығын, батырлығын, тапқырлығын ортаға салды. Алматы қаласының ЖОО және ҚР өнер жұлдыздары мен жастар ұйымдарының жетекшілері жобаға қазылық етті.

Талантты да, жігерлі жігіттердің төрелері қатысқан бұл байқауда Темірлан Каирдинов «ATU jigit sultany – 2019» атанды. Бірінші дәрежелі «ATU jigit sultany» атағы Нұртілек Қазтаевқа бұйырды. Ал екінші дәрежелі «ATU jigit sultany» атағын Досбол Сұлтанов иеленді. Біржан Кенжеевке «Instagram juldyzy» атағы табыс етілді. Басқа сайыс қатысушыларына алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Осындай көздерінде от, сөздерінде жалын бар жастарымыз тұрғанда ертеңге нық сеніммен қарауға болады.