«YNTYMAQ» ҚАТАРЫ ТОЛЫҒУДА

«Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ноян Бидайбаев пен Болат Жұмабеков «Стоматология бірлестігі» ЖШС-нің ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, «Стоматология бірлестігі» ЖШС-нің бас директоры Борис Зорин орталық клиниканың жұмысымен таныстырды. Бекітілген жұмыс кестесіне сай «Стоматология бірлестігі» ЖШС келушілерді емдеу процесінен қол үзбей, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы ретінде Амантай Абсаматов сайланды.

15 адамнан тұратын жаңадан құрылған кәсіподақ ұйымы ««YNTYMAQ» Қазақстандық шағын және орта бизнес қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалының құрамына енді.