Еңбек ұжымымен кездесу өтті

08 сәуір күні Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығының төрағасы А.Таспихов пен Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрайымы А.Есекенова Батыс Қазақстан облысы бойынша кірістер Департаментінің ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ұжым қызметкерлеріне кәсіподақтар орталығының қызметі мен кәсіподақтың қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы маңызы мен рөлі туралы айтылып, олардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.