Кәсіподақтар Президенттік сайлауды қолдайды

Бүгін, Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінде Үйлестіру кеңесінің кезектен тыс кеңейтілген отырысы өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – 9 наурыздағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы шешімі қаралды.

Жиынға төрағалық еткен Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М.Төлепберген: «Бұл Мемлекет басшысының жауапты, тұғырлы және маңызды шешімі. Жалпыхалықтық сайлау арқылы ел Президенті сайлауын өткізу Конституциялық заңдарға сәйкес, әрі қажетті іс деп білеміз»- деген, өз пікірін ортаға салды.

Сол сияқты, отырысқа қатысушы облыстық салалық кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері де бұл шешімді орынды, әрі қажет деп тауып толық қолдайтындарын білдірді.

Жиын соңында өңірдің кәсіподақ көшбасшылары Президенттік сайлауға кәсіподақ өкілдерінің бір кісідей қатысып, осындай тарихи сәтте азаматтық белсенділік таныту қажет деп қорытындылады.