Қызылордада Үкімет мүшелері жергілікті кәсіпкерлермен жүздесті

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова және​ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Қызылорда облысындағы жұмыс сапары барысында қала және аудан әкімдері, кәсіпорындардың, бизнес құрылымдардың және кәсіподақтардың басшыларымен жиын өткізді.

Жиында Гүлшара Әбдіқалықова кәсіпорын басшыларын, бизнес өкілдерін тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға жәрдем беруге шақырды. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мәселесі бойынша түсіндірме жасалды.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев көтерген әлеуметтік мәселелерді кәсіпорындарда ұжымдық шарт арқылы шешілу шараларын қабылдауды атап өтті. ​ Жиын барысында облыс көлемінде кәсіподақтармен осы бағыттағы жасалып жатқан жұмыстар туралы Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Серік Сермағамбетов ақпарат берді.