Алматы облысында Атқару комитетінің отырысы өтті

Бүгін Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің отырысын өткізді. Оған комитет мүшелері, аудандық, қалалық филиалдардың және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.

Облыстық ұйымның жылдық жұмыс жоспарына сәйкес атқару комитетінің күн тәртібінде Сарқан аудандық филиалының жарғылық мақсат-міндеттерді орындауы, облыстық ұйымының 2019 жылдың I тоқсанында атқарған жұмысы, статистикалық есебі және «Талдықорған қаласының №1 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» және «Мүгедектерге арналған облыстық мамандандырылған спорт мектебі» бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы ҚР «Кәсіподақтар туралы» Заңы, Еңбек Кодексі талаптарының орындалу барысы туралы мәселелер қаралды.

Сонымен қатар, облыстық ұйымның 2019 жылдың бірінші тоқсанында кәсіподақтың негізгі бағыттары- ұйымдастырушылық, идеологиялық, құқықтық, еңбек қауіпсіздігі және қаржылық-шаруашылық жұмыстары жүйеге келтіріліп, нәтижесі жақсы екені айтылды.

Талдықорған қаласының №1 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және Мүгедектерге арналған облыстық мамандандырылған спорт мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісіп, білім ордаларының жетістіктерімен бөлісті.

Қоғамдық бірлестіктің төрағасы Садық Әбдіқадыров сала қызметкерлері арасында Кәсіподақтар күні мерекесіне орай «Туризм-2019» жарысын ұйымдастырылатынын айтып, атқару комитеті отырысын қорытындылап, алдымыздағы саяси науқанда кәсіподақ мүшелерін белсенді болуға шақырды.

Отырыста қаралған мәселелер туралы атқару комитетінің мүшелері бірауыздан қажетті қаулыларды қабылдады.