«YNTYMAQ» салалық кәсіподағының төрағасы шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті

11 сәуір күні Ақтау қаласында облыстық кәсіподақтар орталығында «YNTYMAQ» шағын және орта бизнес қызметкерлерінің кәсіптік одағы” РҚБ төрағасы С.Дәулеталин Маңғыстау облысының шағын және орта бизнес кәсіпкерлер және қызметкерлермен кездесті.

Кездесу «YNTYMAQ» салалық кәсіподағы төрағасының орынбасары Қ.Жанабеков, облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы К.Жаулин және өңірдің шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен өтті.

Жиналыс барысында С. Дәулеталин өңір кәсіпкерлеріне сөз сөйлеп, қоғамдығы кәсіподақтың орнын атап өтіп, шағын және орта бизнес саласында кәсіподақ ұйымдары болуының маңыздылығына, жас кәсіподақ жұмысына қатысты сұрақтарға жауап беріп, әлеуметтік әріптестікті дамыту барысында бірлескен жұмыстарды атқаруға уағдаласты.

“Қазақстан тарихында алғаш рет кәсіподақ қатарына тек қызметкерлерді ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлерді де тартамыз. Қарапайым ұғымдардан шығамыз. Бүгінде біз кәсіпкердің жағдайын жасауға көмектесуіміз керек, сонда біз қызметкерлер үшін жағдай жасай аламыз. Сондықтан біз кәсіпкерлерге белсенді көмек көрсететін боламыз. Әрине, бізде көптеген құрылымдар кәсіпкерлерді қолдайды, бірақ кәсіподақтар кәсіпкерлермен диалогта тең серіктестерміз және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын боламыз”, – деп түсіндірді төраға.