Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға!

Ағымдағы жылдың 16 сәуірі күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің еңбек ұжымымен кездесу өтті. Дәстүрге айналған шара Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Майра Амантаеваның өмір жолы мен атқарған қызметіне арналды.

Салалық кәсіподақ төрайымының орынбасары Айгүл Мұқашева кездесудің бас кейіпкері Майра Тұрғанқызы жайлы баяндама жасады. Аталған жиынға арнайы қатысқан Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров кейіпкер жайында білімгерлерге айтып берді.

Сонымен қатар, білім саласының қызметкерлерінің құқығын қорғау жолында атқарған еңбегі және көшбасшылық қасиетін ерекше атап өтті. Танымдық кездесуде университет ректоры Т.О.Балықбаев ғылыми кеңес шешімімен Майра Амантаеваға университет профессоры құрметті атағын берді.