Тұрғындарды жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар жалғасуда

2019 жылғы 17 сәуірде Пекиннен арнай келген «PetroChina» компаниясының вице-президенті Ван Цжунцай және Қазақстандағы «CNPC International» компаниясының бас директоры Биян Дыжымен Ақтөбе облысы әкімдігі мен Кәсіподақтар Орталығы кездескен болатын.

Кездесу барысында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ кәсіпорнының қызметі мен жоспары, өңір үшін бір маңызды мәселе болып келетін тұрғындарды жұмыспен қамтуға бағытталған ірі кәсіпорындар жанынан орта және шағын кәсіпорындар құру туралы әңгіме қозғалды. Қазіргі таңда өңірімізде машина жасау саласында, химия өнеркәсібінде және мұнай жабдықтарын өндіру бойынша зауыттарды ашуға толық мүмкіндік бар. Сондықтан компанияға қызметін толығымен кедергісіз атқаруына және инвестиция тарту үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалатындығы жеткізілді.

Сонымен қатар, жұмыс орындарының қысқартылуына жол бермеу, әлеуметтік тұрақтылықты сақтау және ұжымдық шарт арқылы жұмысшылардың әлеуметтік кепілдіктерін жақсарту кажеттілігі кездесу барысында талқыланды.

«СНПС» – әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да қызметін жүзеге асыратын трансұлттық компания. Компанияның сондай жобаларының бірі – өңірімізде 21 жыл бойы жүзеге асып келе жатқан «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» кәсіпорны. Сондай-ақ, компания жұмыс жасағаннан бастап «Үшінші Жаңажол газ өңдеу зауыты», «Солтүстік Трува кен орнында кешенді сорғы станциясы», «Мұнай дайындау жөніндегі №4 зауыт» секілді өңір үшін маңызы зор ірі инвестициялық жобаларын іске асырды.