Астаналық құрылысшылар мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық кәсіподағының «Жастардың құзыреттілігі + Еңбек заңнамасы = Цифрлық Қазақстан» атты ІІІ Конгресі өтті

Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік Еңбекті қорғау күніне орай Астаналық құрылысшылар мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық кәсіподағының «Жастардың құзыреттілігі + Еңбек заңнамасы = Цифрлық Қазақстан» атты Ш Конгресі өтті.

Конгрестің ұйымдастырушысы ретінде «Құрылыс комплексі және тұрғын-үйкоммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі «Астана» қалалық филиалының төрайымы Тлеулес Мадьярова сөз алды.

– Біз әдеттегідей лайықты еңбек жағдайы мен қауіпсіз жұмыс орнын қамтамасыз етудің өзектілігін басты назарда ұстаймыз. Дегенмен 2019 жыл Қазақстан жастарына арналғандықтан, еңбек жағдайындағы осы мәселелерді жастардың басқаруына табыстауды орынды деп есептеймін. Себебі кәсіподақтың қатары күн сайын жастармен толығуда, – деді Тлеулес Мадьярова.

Конгресс жұмысына министрліктен, Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы және өкілетті органдарынан, ХЕҰ, БҰҰ, ҰКП, ҚРКФ құзіретті өкілдер және салалық кәсіподақтардың мүшелері, сала ұымдарының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Конгресте Дүниежүзілік Еңбекті қорғау күніне орай ұйымдастырылған байқау жеңімпаздары марапатталды. Байқаудың мақсаты өз саласында қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыруда айтулы жетістіктерге жеткен жас мамандарды анықтау және ынталандыру, ұйымның өндірістік және қоғамдық өмірінде жастардың белсенділігін арттыру болып табылады.

Үздік кәсіпорын мен астаналық ұйым өкілдері келесі номинациялар бойынша арнайы диплом және кубокпен марапатталды:

– «Қауіпті жұмыстардың қаупін азайтудағы үздік ұйым» («Астана – Теплотранзит» АҚ, «ArabtecConsolidatedContractorsLimited» компаниясының филиалы);

– «Еңбекті қорғау бойынша үздік техникалық инспектор» (И. Х. Умирбеков, «Астана қалалық-жарық» ЖШС);

– «Үздік жас маман» (Ф.Ж. Алдынгурова,МКК ШЖҚ «Астана су арнасы»; С.Б Серикхалиев, «Госэкспертиза» РМК).

Номинациялар 2018 жылы ұйымда қайғылы жағдайлардың орын алмауы, еңбек заңнамасы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының бұзылмауы, жұмыс орнында өндірістің жоғары мәдениеті сынды басты белгілер бойынша қорытындыланды.