Ауыл шарушылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Ақтөбе филиалының кезекті II-облыстық конференциясы

«Ауыл шарушылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысы бойынша филиалының «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабына сәйкес «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Жарғысына сәйкескезекті II-облыстық конференциясы өткізілді.

Конференция отырысына барлық облыс бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан сайланған 33делегаттың 30-ы қатысты.

Конференцияда 5 сұрақ қаралып, делегаттардың қолдауымен шешімдерін тапты.

Конференцияға Ақтөбе облысы Кәсіподақтар Орталығының төрағасы А.Әмірғалиев және орынбасары Ж.Ақбергенов қатысып, делегаттарға сәттілік тілеп, алдағы уақытта кәсіподақ жұмысын одан әрі жетілдіріп, ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің әл-ауқатын жақсартуға жұмыс жасау керектігін атап кетілді. Сонымен қатар «Комсомол» ЖШС механизаторы С.Бимағанбетовті «Еңбек даңқы» мемлекеттік орденіне ие болуына орай ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Төрағасы Б.Әбдірайым атынан құттықтау хатын табысталып, «Комсомол» ЖШС-нің директоры және «Ақтөбе-нан» ЖШС-нің есепшісі жоғары көрсеткіштері үшін I-дәрежелі «Еңбек даңқы» төс белгісімен марапатталды.

«Ауыл шарушылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысы бойынша филиалының төрағасы Т.А.Сұлтанғалиевтің баяндамасы тыңдалып, талқыланып, жұмысына қанағаттандырарлық деген баға беріліп, келесі есептік кезеңге делегаттардың қолдауымен бірауыздан ашық дауыспен филиал төрағалығы қайта сайланды.

Конференцияға облыстық ауылшаруашылығы, ветеринария инспекция, аумақтық инспекция, еңбек инспекциясы, орман шаруашылығы басшылары және «Актюбинский вестник» газетінің тілшілері қатысып, өз ойларын ортаға салды.