Нұр-Сұлтан қаласы білім қызметкерлерінің Денсаулық Спартакиадасы

19 сәуірде,Ел-Ордалық № 64 мектеп-гимназиясында жастар жылына арналған “Нұр-Сұлтан қаласы білім қызметкерлерінің Денсаулық Спартакиадасының” марапаттау рәсімі өтті.

Бұл дүбірлі жарысқа қаланың 70-ге жуық орта білім беру мекемелерінің мұғалімдері мен жұмыскерлері қатысты. Спартакиаданың бес түрінен төртеуі аяқталып жеңімпаздар мен жүлдегерлері марапатталды.

Шаңғымен жүгіруден Спартакиада жеңімпазы болып № 62 орта мектебі суырылып алға шықты. Волейбол спорт түрінен чемпион – 60-шы, тоғызқұмалақтан – 53-ші мектептер чемпион атанды. Үстел теннисінен 55-ші мектеп ұжымы ешкімге дес бермей бірінші орынды иеленді. Соңғы жарыс – «туристік слет» мамыр айынын сонында аяқталады. Жалпыкомандалық есепте бүгінгі таңда үздік үштік командалар тізімі осындай: 1 орын – 53 мектеп, 2 орын – 56 орта мектеп және 3 орында – 60 мектеп-гимназиясы.

Айта кетсек, бұл жарыс Нұр-Сұлтан қаласы «Әділет» білім беру саласы кәсіподағының мұрындығымен ұйымдастырылып отыр. Марапаттау рәсіміне Елорда кәсіподақтар орталығының төрағасы Тастанбек Есентаев қатысып, алдағы бірінші Республикалық енбекшілер арасындағы салааралық Спартакиадаға жиналған жұртты белсенді қатысуға шақырды.