«Қаз Транс Газ Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы қызметкерлерімен кездесу өткізілді

19 сәуірде Қызылорда облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Серік Сермағамбетов «Қаз Транс Газ Аймақ» акционерлік қоғамының Қызылорда өндірістік филиалы қызметкерлерімен кездесті.

28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған газ саласы мекемесіндегі Еңбекті қорғау сағатына облыстық еңбек саласын бақылау басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторлары, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы өкілдері, жауапты мамандар қатысты.

Кездесуде қауіпсіз еңбек үшін жағдайлар жасау, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы облыс көлеміндегі, саладағы ахуал жайлы ақпарат беріліп, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардан сақтандыру жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру қажеттілігі атап өтілді. Сонымен қатар, жұмыскерлердің жұмыс орынында еңбек қауіпсіздігін сақтау нұсқаулықтары мен ережелері туралы слайдтық материалдар көрсетіліп, түсіндірмелер жасалды.