БАСТАУЫШ ҰЙЫМ ЖЕТЕКШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР

“Мекемедегі бастауыш кәсіподақ ұйымының қызметі және оның жұмысын ұйымдастыру мәселелері” атты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілеріне арналған оқыту семинары ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық комитетінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Маңызды да мазмұнды шараның барысында бастауыш кәсіподақ ұйымы жетекшілеріне “Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін реттейтін құқықтық, заңнамалық актілер”, “Ұжымдық шарт – еңбек қатынастарының маңызды құралы”, “Бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы ұйымдастырушылық жұмыс” тақырыптары қамтылған дәрістер берілді.

Ақтөбе облыстық комитетінің төрайымы М.Сағындықова “Салалық кәсіподақ ұйымы Ақтөбе облыстық комитетінің қызметі, жұмысының негізгі бағыттары” баяндамасында өткізілген жұмыстарға тоқталып, кәсіподақ жетекшілерін, әсіресе жаңадан сайланған, кәсіподақ мүшелерінің мүддесі үшін белсенді әрекет етуге шақырды.

Семинар тренингке, одан әрі еркін форматта пікірлесу, сұрақ-жауапқа ұласты.

Шараға қатысқан бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері толыққанды ақпаратпен біліктіліктерін жетілдіріп, ризашылықпен тарқасты.