Еңбек саласы бойынша семинар–тренинг өтті

25 сәуірде Қызылордада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының оқу орталығы мен аумақтық кәсіподақтар бірлестігі ұйымдастыруымен «Еңбек дауларын келісу комиссиясымен шешу. Еңбек шарты» тақырыбында семинар–тренинг өтті.

Семинарға ұйымдардағы келісу комиссиясы мүшелері, мекеме заңгерлері, кадр бөлімі мамандары, кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты. Семинарды оқу орталығының лекторы, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Омарова Элмира Бәкірқызы жүргізді.

Семинарда еңбек заңнамасының негізгі ережелері, еңбек шартын өзгерту және тоқтату тәртібі, келісім комиссиясының жұмысы, еңбек қатынастары мәселелері талқыланды. Семинарға қатысушыларға оқу орталығының сертификаттары тапсырылды.