Еңбек қауіпсіздігі – ортақ міндет

Бүгін 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «Казфосфат» ЖШС-нің «Жаңа Жамбыл фосфор зауыты» филиалында «Еңбек қауіпсіздігі – ортақ міндет» тақырыбында семинар – кеңес өтті.

Семинарда Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Н.Календеров, Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Нарбаев күн тәртібіне сәйкес баяндама жасады. Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М.Төлепберген кәсіподақ пен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынас, өнідірістік кеңестердің жұмыстарының тиімділігін арттыру қажеттігі, өндіріс орындарында техникалық инспекторлардың санын арттыру және оларға жұмысының нәтижелері бойынша ынталандыру бағытында жұмысты жандандыру қажеттігін өз баяндамасында айтып берді.

Сонымен қатар, өңірдегі ірі өндірістік кәсіпорындардың еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігіне жауапты өкілдері өз кәсіпорындарындағы еңбек қауіпсіздігі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы сөз сөйледі. Семинар соңында еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігі саласына қомақты үлес қосқан қызметкерлер арнайы марапатталды.