Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

26 сәуірде, Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы А. Ж. Шпекбаев «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобаларының іске асырылу барысын талқылау бойынша кезекті кеңес өткізді.

Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың жауапты хатшылары, облыс әкімдерінің орынбасарлары – өңірлік жобалау кеңселерінің кураторлары, арнайы мониторингтік топтардың, қоғамдық кеңестердің, кәсіподақ ұйымдарының және басқа да қоғамдық бірлестіктердің мүшелері қатысты.

Іс-шара барысында «Адалдық алаңы» аймақтық жобалық кеңселерінің жылдың төрт айында атқарған жұмыстарының қорытындысы шығарылды. Атап айтқанда, Мемлекеттік мекемелердің трансформация қорытындылары, ЖОО мен колледж студенттері арасында анонимдік сауалнама нәтижелері, полиция қызметіндегі сыбайлас жемқорлықты жою бойынша ұсыныстар, сондай-ақ жобаны одан әрі іске асыру бойынша жоспарлар айтылды.

Аудандық деңгейде жұмысты жандандыру, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою мақсатында азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру туралы тапсырмалар берілді. «Бүгінде жұртшылық пен бизнес тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі жобаның жұмысына белсенді қатысты. Ол көз алдында жалпыұлттық ауқымға ие болады. Әкімдіктер белсенді жұмыс істейді. Бірақ орталық мемлекеттік органдар тарапынан белсенділік байқалмайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс тәсілдерін қайта қарастыруыңызды сұраймын», – деп атап өтті А. Шпекбаев.

Іс-шараға қоғам өкілдері де қатысты, соның ішінде, елордалық кәсіподақтар орталығы да болды. Сонымен, республикалық арнайы мониторинг тобының төрайымы Айгүл Соловьева АМТ мүшелері ретінде «Адалдық алаңы» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды іске асыру бойынша қоғамдық қолдау көрсететінін айтты.

Айта кету керек, «Сыбайлас жемқорлықтан ада аймақтар» жобасының барлық бастамалары бірыңғай әдістеме бойынша жобалық менеджмент негізінде іске асырылуда, жалпыұлттық қозғалысқа айнала отырып, мемлекеттік органдар мен азаматтық сектордың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күш-жігерін біріктіреді.

Осы манызы зор отырыста тағы да бір халықты қынжылтатын жайт белгілі болды: Мониторинг және доклад қорытындысы бойынша қазіргі таңда елімізде сыбайлас жемқорлардың алдынғы қатарында, өкінішке орай, ішкі істер қызметкерлері мен білім беру саласы өкілдері екен. Азаматтардың құқығы мен мемлекеттің заңын сақтап қорғайтын ҚР ІІМ және келешек ұрпаққа білім, өмір жолын көрсететін ҚР ғылым және білім Министрліктеріне бұл ұят нәрсе екені, айтпасада түсінікті. Қазақ елінің қазіргі “қотыры”- сыбайлайлас жемқорлықтың өзін қадағалайтын органдардың бірі бола тұра ҚР ІІМ-нің бұл қылығы қоғамды қатты мазалайды. Ал балаларымызға ҚР ғылым және білім Министрілігі қандай үлгі көрсетіп отырғаны-ол ақылға сыймайтын жайт.
Осы арада, кәсіподақтардың рөлі зор болар еді. Кез келген мекемелерде кәсіподақтар мүшелері құзырлы органдар мен бірігіп атсалысуға шақырамыз. Сонда, осындай “бетсіз оқиғалар” ақырындап жойылуы тиіс деп ойлаймыз.