Талдықорғанда техникалық еңбек инспекторлары бас қосты

Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің базасында 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «Қауіпсіз еңбек» дөңгелек үстелін өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының заңгері Әсет Қайырхан, Талдықорған қалалық филиалының төрағасы Мэлс Төлепбергенов, Алматы облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Қахарман Жақсылық, Ескелді ауданының бас техникалық испекторы Рамиль Абдуллин және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының техникалық еңбек инспекторлары қатысты. Шара барысында оқыту процесі кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша сөз қозғалып, өзара тәжірибе алмасты. Сондай ақ, дөңгелек үстелге қатысушылар колледж шеберханасы жұмысымен танысты.

Шара соңында белсенді жұмыс жүргізген Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің және «Олимп» кәсіптік регби клубының техникалық еңбек инспекторлары Бурхан Исмаилов пен Әсем Хаймулданова Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.