МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Халықаралық еңбек ұйымының (МОТ) бастамасы бойынша 2003 жылдың 28 сәуірі «Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» ретінде жарияланып, жыл сайын аталып өтуде.

Биылғы жылы Халықаралық еңбек ұйымының 100 жылдығы аясында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні «Еңбекті қорғау және еңбек саласының болашағы» ұранымен өтуде.

Осы орайда мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық комитетінің ұйымдастыруымен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілеріне арналған «Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі» тақырыбында еңбекті қорғау сағаты өткізілді. Аталмыш шараға «Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ-нің Мемлекеттік еңбек инспекторы Дашкенова Әсел Бақытқызы қатысып, тыңдаушыларға ақпараттық-түсіндіру дәрісін өткізді.