Салалық кәсіподақтар төрағалары ҚР Президенттігіне үміткердің тұғырнамасын қалыптастыруда өз ұсыныстарын жеткізді

Бүгін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Бас кеңесінің шешімімен ҚР Президенттігіне үміткер ретінде ұсынылған Амангелді Таспиховке салалық кәсіподақтар төрағалары үміткердің тұғырнамасын қалыптастыруда өз ұсыныстарын жеткізді.

Олардың қатарында энергетиктердің салалық кәсіподағының төрағасы Оразбек Бекбас, теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы төрағасы Оразғали Ахметбаев,  мұнай-газ кешенінің салалық кәсіподағы төрағасы Сұлтан Қалиев, мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы төрағасы Мирболат Жақыпов, ақпарат, коммуникация және байланыс (пошта) қызметкерлерінің салалық кәсіподағы төрағасы Абылай Әбішев,  ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағы төрағасы, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Егор Каппель болды.

Салалық кәсіподақтар төрағалары еңбекшілердің жалақысын көтеру, еңбек қауіпсіздігін сақтау және өндірістік кеңестердің жұмысын жандандыру сияқты өзекті мәселелерді қозғады.