ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күні аясында Қарағанды облысының «Kásіpodaqtar Úıі»-нде “Қарағанды Энергоцентр” ЖШС тұтынушыларға жылу энергиясын өндіру бойынша жыл сайынғы есепті кездесу өткізді.

Есепті отырыста Қарағанды облысының Кәсіподақ Орталығының төрағасы Болат Жұмабеков,   “Қарағанды Энергоцентр” ЖШС-нің Бас директоры Андрей Ляпунов,  төраға Владимир Литвинов, Қарағанды облысының энергетиктер ардагерлерінің облыстық кеңесінің мүшелері Владимир Павлов, Олег Бувин сөз сөйледі.

Талқылау барысында тұтынушылар негізінен жылу беру маусымының аяқталуына, келесі қысқы кезеңге дайындығына, тариф саясатына, жылу беру кезеңінде ыстық сумен жабдықтауға қатысты сұрақтар қойды. Қазіргі уақытта “Қарағанды Энергоцентр” ЖШС жылу электр орталығын жаңа жылыту маусымына дайындау бойынша алдағы жөндеу науқанына белсенді дайындық жүргізуде.

Болат Жұмабеков қатысушыларға Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызметі және Қарағанды облысындағы еңбекті қорғау және өндірістік жарақаттанудың өсуі мәселелері туралы айтты. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі “Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақ Орталығы” Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховты “Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы”Республикалық қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат етіп ұсыну жөніндегі шешімі туралы хабардар етті.