Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында минералды ресурстар емес, адамның бәсекеге қабілеттілігі маңызды болып табылатыны туралы айтылған. Еңбек адамы – мемлекеттің басты күші, өндіруші күш субъектісі, еліміздің экономикалық дамуының ұлғайтуына қатысушы!
2019 жылдың 29 сәуірінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Нұр – Сұлтан қаласы Кәсіподақтар Орталығы қала әкімдігімен бірлесе отыра, Халықаралық еңбек ұйымының 100 жылдығына және Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «Қауіпсіз еңбек – әр адамның құқығы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Жиынға Халықаралық Еңбек Ұйымы, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттары, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихат депутаттары, мемлекеттік орган, эксперттер және ғалымдар, салалық және бастауыш кәсіподақтар ұйымдарының басшылары мен өкілдері, 2018 жылда еңбек орнындарында жарақат алып және қауіпсіздік ережелерің сақтай алмай мерт болған (көз жұмған) жұмыс берушілердің (мекемелердің) өкілдері қатысты.
Атап өтсек, 2018 жылда Ел-Ордада 15 жұмыскер құрылыс компанияларда еңбек етіп, әртүрлі себептерге байланысты, өкінішке орай, қаза болды. Бұл – өте күрделі және қауіпті статистика.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша резолюция қабылданды. Оңын ішінде еңбекті қорғау заңнамаларына өзгеріс еңгізу, жұмыс берушілерге қауіпсіздік ережелерің қатан қадағалауға нұсқаулар берілді.