Поздравление с Днем единства народа Казахстана

Құрметті әріптестер!

Сіздерді татуластық пен келісімнің нышаны болып табылатын 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бірлік пен ынтымақтастық мерекесі әр қазақстандық үшін ерекше маңызды және қымбат. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді біздің халық.

Еліміз ұстанған бейбітшілік пен келісім саясаты халқымыз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда. Бүгінгі таңда экономикалық-әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізіп, тұрақтылық пен еліміздің өсіп-өркендеуін, гүлденуін бастан кешіріп отырмыз. Яғни, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып», Қазақстанның тұрақты әрі қарқынды дамуы жолында бірлесіп еңбек етуге мүмкіндіктер берді. Сыйластық пен бірлік қағидаларынан бастау алған бағдар ғана болашағымыздың жарқын болуына септігін тигізетіні анық.

Біздің ең құнды да маңызды байлығымыз – саяси тұрақтылығымыз бен бірлігіміз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету –Қазақстанның әр азаматының міндеті.

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі құтты болсын, ағайын!

 

Құрметпен, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы

Бақытжан Әбдірайым