МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Шымкенттегі «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында «Татулық – ел бірлігі мен ынтымақтастығының кепілі» тақырыбында медиация желісін ілгерілетуге арналған жиын өтті.

Басқосуда Шымкент қаласы «Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, Шымкент қалалық соты, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы, қалалық әділет департаменті, Шымкент қаласының нотариалдық палатасы, қалалық адвокаттар алқасы арасында қоғамның құқықтық тұрғыдан дамуын және ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастығын орнату мақсатында меморандумға қол қойылады.

Іс-шарада сөз сөйлеген Шымкент қаласы «Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов бекітілген келісім негізінде тараптар халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, медиацияны қолдану арқылы дауларды шешу кезінде өзара әрекеттесу бойынша бірлескен жүйелі жұмыстар атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығының жанынан 2018 жылдың 29 тамызында “Татуластыру орталығы” ашылғанын айтып, орталықтың бүгінде жемісті жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Төрағаның айтуынша медиациялық процеспен дауларын шешуге келген азаматтар саны – 67, оның ішінде бітімгершілікпен аяқталғаны – 43, түсініктеме, кеңестер берілген – 24. Еңбек дауы бойынша -5, бітімгершілікпен сәтті аяқталғаны -4.

Іс-шарада сөз сөйлеген қалалық соттың төрағасы Ербол Рахымбеков Ал, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов кеше Нұр-Сұлтан қаласында өткен ҚХА-ның XXVII сессиясында Қазақстанның Тұңғыш Президенті мемлекеттік органдар жанындағы медиация институты мен қоғамдық кеңестердің жұмысын жандандыру жөніндегі тапсырма бергендігін айтып, бұл бағытта ауқымды міндеттер күтіп тұрғанын жеткізді.

Меморандумға қол қойған тараптар ынтымақтаса отырып бітімгершілікке негізделген халқымыздың дәстүрлі билер тағылымымен сабақтасып жатқан бүгінгі медиация желісін дамыту, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты пайымды парасаттылықпен іске асыруға әзiрлiктерiн жеткiздi.

Сондай-ақ, ашық есік күндерін өткізу, медиация желісінің тиімділігін тұрғындарға кеңінен насихаттау шараларын одан әрі жандандыру жайын кеңінен талқылады.