ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТЕР ДИАЛОГЫ

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының “Kásіpodaqtar Úıі” алаңында облыстың Салалық Кәсіподақтар аумақтық құрылымдарының басшылары Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Асхат Аймағамбетовпен кездесті.

Асхат Аймағамбетов қатысушыларға еңбек қатынастарын қалыптастырудағы кәсіподақтардың рөлі және кәсіподақ қозғалысының қызметін түсіндіру бойынша еңбек ұжымдарымен жұмыс істеу маңыздылығы туралы айтты, сондай-ақ, кәсіподақ ұйымдарының бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі белсенділігінің артқанын атап өтті.

Кездесу барысында кәсіподақ активінің құзыреттілігі, олардың еңбек адамының өмірлік маңызды мәселелерін шешудегі нақты кәсіби ұстанымы тұралы атап өтілді.

Болат Жұмабеков – Қарағанды облысы Кәсіподақтар Орталығының төрағасы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Қарағанды облысы кәсіподақтарының қолайлы еңбек жағдайларын құрудағы бастамалары мен олардың нәтижелері туралы қызметкерлердің заңды мүдделерін қорғау мәселелеріндегі қызметі туралы айтты.

Кездесуде Айқын Ахметов, Ноян Бидайбаев, Вера Бородина, Алмакүл Өсерова, Кенескүл Рахимжанова, Татьяна Самойлюк, Света Шардарабекова сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы атынан әлеуметтік әріптестердің ізгі кездесуі туралы естелік ретінде “Кәсіподақтар: теория және практика” атты Қазақстан кәсіподақтарының даму тарихы мен халықаралық кәсіподақ қозғалысының Монографиясы сыйға тартылды.